12.3 C
Shymkent
20 октября, 2025
aspan

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 80 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу үшін облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жұмыстарды үйлестіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде Жеңістің 80 жылдығын атап өту бойынша іс-шара жоспары кеңінен талқыланып, атқарылатын жұмыстар пысықталды.

 

 

 

 

 

 

Дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің тізімі жасақталды. Жеңістің 80 жылдығы аясында облыста ауқымды іс-шаралар өткізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, батырлардың есімдерін насихаттау мақсатында түрлі конкурстар, экскурсиялар, ғылыми-практикалық конференциялар, «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары, бұқаралық спорттық шаралар, әскерлердің шеруі өткізіліп, мерекелік концерттер, тақырыптық кино кештері, архив құжаттары топтамасынан көрме, кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.

Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков байланыс орталығында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларды баяндады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардан түсетін қоңырауларды қабылдайды.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«SHYMKENT IT HUB» МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Телеарна ХанТВ

ҮЙІНДЕ АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ШУ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

АРДАГЕРЛЕР МЕН ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ