14.3 C
Shymkent
5 апреля, 2025
aspan

«TAZA QAZAQSTAN»  ПЛАТФОРМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» ақпараттық жүйесі сәтті іске асырылуда. Тазалық жұмыстарына қатысты өтінімдер @TazaQazBot telegram-бот арқылы қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде «Таза Қазақстан» бағдараламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар пысықталды.

Облыста  «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күнделікті өтетін 7263 тазалық іс-шара кестесі бекітілді. Сондай-ақ 34 ауқымды іс-шара жоспарланған.  Жалпы бұл жұмыстар аясында тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру, нысандардың қасбеттерді күтіп ұстау, жарықтандыру, жол белгілерін ретке келтіру, жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге басымдық берілетінін айтып отыр. Сонымен қатар аймақ басшысы аудан, қала әкімдері мен сала басшыларына тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын күшейтіп, бақылауда ұстауды тапсырды.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аймақта бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, аудан, қалалардағы тазалық жұмыстарына жеке тоқталды. Айта кетейік, 22 ақпан күні 17 аудан, қалада ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 26 300-ге жуық тұрғын қатысып, 251 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 761,6 тонна қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатындығын айтып отыр.

 

Related posts

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА «ФОСФОРШЫЛАР МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ» ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАУЫНГЕРЛІК АТЫСТАР: ТАКТИКА МЕН АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАУ

Телеарна ХанТВ

ҮШЕМ БОСАНЫП, 10 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНДЫ

Телеарна ХанТВ