aspan

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ!

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында барлық білім ошақтары, ЖОО мен колледж студенттері арасында ауқымды түсіндірме іс-шаралары өтуде. Солардың бірі шым шахарымызда №14 кітапхана бөлімшесінде “барлық мамандық маңызды” атты кездесу өтті. Кездесуде қандай ақпараттар айтылды? Сюжет көріңіз!
Шараның негізгі мақсаты жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау, оқушыларды еңбекке баулу, болашақ мамандық таңдауға бағыт беру.
Шараға номері үшінші индустриалды техникалық колледж мамандары, номері бесінші жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі, номері алтыншы тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі мамандары мен қала мектептерінің 9 сынып оқушыларынан құралған 50 астам жастар қатысты. Солардың бірі Мағжан Умирбай. Болашағынан көп үміт күттіретін жас жеткіншек алдағы уақытта аити саласын таңдағалы отыр.Оның ауынша дәл осындай іс-шаралар мектеп жасындағы балаларға өте қажет дейді.
Атаулы шарада сұранысы жоғары мамандықтар жайлы сөз қозғалып, елдің еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жөнінде піркірлер айтылды. Келген оқушылар әр түрлі салаға байланысты арнау өлеңдерін оқып, викториналық ойындарға белсене қатысты. Келген спикеркерлерге кеш соңында сұрақтар қойылып жауап алынды. Айта кетейік мұндай бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

 

Related posts

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Телеарна ХанТВ

СУ АЙДЫНДАРЫНДА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР ТІРКЕЛМЕГЕН

TIKTOK ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Телеарна ХанТВ