12.3 C
Shymkent
15 октября, 2026
aspan

«ҚАЗАҚСТАН БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ»

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Бірлік пен бейбітшілікке толы 30 жыл» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Шара барысында ассамблеяның тарихи кезеңдері, ішкі саясаттағы орны, этносаралық қатынастарды реттеу, көп мәдениетті қоғамдағы бірлік және татулықты сақтау аясында атқарылған жұмыстар мен жобалар туралы жазылған арнайы әдебиеттер келушілер назарына  ұсынылады

Көрменің мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихын көрсету, этностар арасындағы келісімді нығайту, жастарға бірлік пен бейбітшіліктің маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар, көрме арқылы Ассамблеяның еліміздің әлеуметтік, мәдени және білім беру салаларындағы ықпалын кеңінен насихаттау көзделді.

Қатысушылар көрмеден Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихын танып, оның еліміздегі маңызды рөлі жайында жаңа мағлұматтар алды.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛДЕ НАРАЗЫЛЫҚ ШАРАСЫ ТОҚТАҒАН ЖОҚ

Телеарна ХанТВ

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІМЕН 140 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, 11 ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ БИ ӨНЕРІ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Телеарна ХанТВ