21.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ТОП ҰСТАЛДЫ

Алматы облысы Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. 22 ақпанда Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға шаруа қожалығының қорасынан бес жылқының ұрланғаны туралы арызданды.

Беймәлім адамдар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. – Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды, – деп мәлімдеді полиция өкілдері. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТІҢ ШАҒЫНАУДАНДАРЫ ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Телеарна ХанТВ