aspan

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛЫНҒАН ЖОБА ЖАЛҒАСУДА

«Бір ел — бір кітап» акциясы өз жалғасын табуда. Шымкент каласының орталықтандырылған балалар кітапханасында «Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларына арналған «Бір дәуірдің қос үні» атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты: Қазак әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығын жас ұрпаққа  таныту, ұлттық рухты оятудағы ролін көрсету. Сонымен қатар Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

«Бір ел – бір кітап» жобасы – ұлттық әдебиетті насихаттауға бағытталған маңызды қадам. Мұндай бастама арқылы оқырмандар әдебиеттің үздік туындыларымен танысып, рухани байлығын арттыруда. Қазақ әдебиетінің дамуына үлесін қосатын шараларға белсене қатысу – әрбір азаматтың парызы.

Осылайша, ел игілігі үшін жасалынған жоба ұлттық мұраны сақтап, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосуда. Білімді жас ұрпақ, жарқын болашақтың кепілі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІС ӨСІРУДІ МЕҢГЕРУДЕ

Телеарна ХанТВ

ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

КҮЗДЕ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛҒАНДАР ОҚУҒА КІРІСТІ  

Телеарна ХанТВ