28 C
Shymkent
12 июля, 2026
aspan

ASAR BASPANA» ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ ҰСТАЛЫП, 1,2 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӘРКІЛЕНДІ

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылдың 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізді, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына  ай сайын салынған соманың 30% — на дейін пайда табуға уәде берген.Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және  ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.

Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмысты Іс Жүргізу Кодексінің  201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚУАНЫШБЕК БОТАБЕК — БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ЧЖАН СЯОНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ