aspan

ЛОРДАДАҒЫ ШУЛЫ ОҚИҒА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНА ТҮСІП ҚАЛДЫ

Елордадағы шулы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Азамат сатып алушы кейпінде Астанадағы дүкендердің бірінде ұрлық жасауға әрекеттенген.

 

 

 

 

 

 

Күндізгі уақытта күдікті сауда орталығына кіріп, сатып алушы ретінде ерлерге арналған аксессуарларды қарай бастаған. Сөмкелердің бірін таңдап, оны пакетке салып, сауда залынан шығып кетпек болған. Алайда оның әрекеті сатушының назарынан тыс қалмады.Күдіктіні байқап қалған сатушы оны тоқтатып, пакетінің ішін көрсетуді сұраған. Осы кезде жігіт қашуға тырысқанымен, сатушы қыз оның артынан жүгіріп, қуып жеткен. Тауарды қайтаруды талап еткенде, күдікті кеңсе пышағын алып, бутиктің қызметкері мен араша түспек болған адамды қорқытқан. Осыдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз бірден полицияға хабар берді. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын да сотталған

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Интернет-алаяқтарынан сақ болыңыз

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

Денсаулық сақтау министрлігі: Церебралды сал ауруы және басқа да аурулары бар пациенттер медициналық көмектің толық көлемін алуды жалғастырады

Телеарна ХанТВ