26.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТ АРМРЕСТЛИНГТЕН «ӘЛЕМ КУБОГІН» ЖЕҢІП АЛДЫ

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Өзбекстан, Украина, Индия, Молдова, Иран, Қырғызстан, Қытай, Грузия мемлекеттерінен келген спортшылырмен күш сынасқан Нұрислам алдына жан салмады.
«Университетімізде сапалы білім алумен қатар, спортпен айналысуға мүмкіндік жасалған. Отызға жуық түрлі студенттік үйірме мен клубтар жұмыс істейді. Соны ішінде қол күресі үйірмесінде 40-қа жуық білім алушы жаттығады. Қол күресінде білек, иық, қолдың барлық бұлшық еттеріне арналған арнайы жаттығулардың маңызы зор. Бұл орайда қолдың, білектің күш-қуатын арттыру үшін кір тасымен, зілтемірмен, резеңкемен көптеген жаттығулар жасаймын. Раунд немесе кезең деген болмайтын армрестлинг спортында бар күшіңді, бар өнеріңді санаулы секундта көрсете білуің қажет. Білектің күшінен бөлек, жүректің де, ақылдың да алар орны ерекше. Санаулы секундта тәсілдерді тиімді пайдалану үшін бәрін бір сәтте іске қосуың керек», дейді Әлем кубогының иегері.
Айта кетейік, армрестлингтен Әлем кубогы жарысында ел намысын қорғаған шардаралық 48 спортшы да алтын медаль жеңіп алды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР ЕСКЕ АЛЫНДЫ

Телеарна ХанТВ

ТУЫЛҒАН СӘТТЕ ЖҮРЕГІ ТОҚТАП ҚАЛҒАН: ДӘРІГЕРЛЕР АУЫР ЖАҒДАЙДАҒЫ СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЙНАЛЫМНАН АЛЫНҒАН 400-ДЕН АСА ҚАРУДЫ ЖОЙДЫ

Телеарна ХанТВ