8.3 C
Shymkent
20 февраля, 2026
aspan

АУҒАН ЖЕРІНЕН ӘСКЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ 36-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МИТИНГ ӨТТІ

Жыл сайынғы іс-шара Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының аумағында орналасқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіште ауған ардагерлері мен олардың туыстарын, гарнизон әскери қызметшілерін, әкімдік өкілдерін және қала жастарын біріктірді.

Таңертең қаланың қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев басшылығымен жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері мен ауған ардагерлерінің ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.Осыдан кейін шараға қатысушылар Ауған ардагерлеріне арналған ескерткіш орналасқан Абай атындағы саябаққа барды. Онда гарнизон әскери қызметшілерімен, әскери колледж оқушыларымен және басқа да ардагерлер ұйымдары мен Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдерімен бірге қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.Ауғанстаннан әскер шығарылған күні Шымкенттің интернационалист жауынгерлер жыл сайын жиналады. Қалыптасқан дәстүр бойынша жауынгерлердің кездесуі олардың үлесіне түскен жауынгерлік жол, қызмет және сынақтар туралы естеліктермен бірге жүреді. Көптеген ардагерлер үшін бұл күн тек жауынгерлік жолдастарының мақтанышына ғана емес, үйге оралмағандардың да қайғысына толы.Ауған соғысы Қазақстан тарихында өшпес із қалдырды. Ұрыс қимылдарына 20 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 924-і қаза тапты, ал 20-ға жуығы осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр. Тек Шымкентте ауған соғысының 700-ге жуық ардагері тұрады. Мереке құрметіне оларға әкімдіктен жастарды патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлестерін атап өтіп, алғыс хаттар табысталды. Іс-шара ардагерлер үшін дәстүрлі мерекелік дастарханмен аяқталды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент ҮШІНШІ МЕГА ҚАЛА КЕЛДІ

admin

Қазақстан – өңірдегі инвестиция тарту бойынша көшбасшы

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ