aspan

АВТОКЛІКТЕРДІ ТОНАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 25 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

 Оралда автокөліктерді тонаумен айналысқан 25 жастағы ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Күдіктіні Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықтап, қолға түсірді.

Тергеу барысында ер адамның көліктердің құлпын ашуға арнайы кілттерді пайдаланғаны немесе иелері ұмыт қалдырған ашық есіктерді пайдаланып, салонға еркін кіргені белгілі болды. Ол автокөліктерден аккумуляторлар, магнитофондар, динамиктер және басқа да құнды заттарды қолды қылған. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты 8 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның автокөлігін тінту кезінде заттай айғақтар тәркіленді. Полиция күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасуда. Осы ретте полиция қызметкерлері көлік иелеріне барынша сақ болуды ескертеді. Құнды заттарды автокөлік салонында қалдырмауға және көліктеріңізді әрдайым мұқият құлыптауға кеңес береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

admin

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН УНИВЕРСИТЕТІН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Полиция мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар мал ұрлаушылар тобын ұстады

admin