24.3 C
Shymkent
22 мая, 2025
aspan

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА АЛЫП ЗАУЫТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы Арнайы экономикалық аймақта құрылысы жүріп жатқан зауыттардағы жұмыспен, жобалармен танысты. Атқарылып жатқан істерді саралап, инвесторлармен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.

 

Өңір басшысы «PSI Mineral Technologies» ЖШС Түркістан қаласындағы тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр техника шығаратын зауытының құрылысын қадағалады. Зауыт директорының айтуынша, жобаның қуаты – жылына 956 тонна, жобаның құны – 8 323,4 млн тенге. Өндірілген техникалар елімізге және шетелдерге саудаланбақ. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүруде, бірінші кезеңі биыл іске қосылады. Нұралхан Көшеров «Алтын дала мақта» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы біріктірілген қоймасы бар ПВХ құбырларын шығаратын зауытының жұмысын көрді. Бұл зауыт жылына 1,44 млн метр құбыр шығаруға қауқарлы. 60 адам жұмыспен қамтылған. Одан кейін облыс әкіміне «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің мақта фабрикасы мен цехтарының құрылысы таныстырылды. Жұмыс қарқынды жүруде. Жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасында 11 цех жұмыс істейді деп жоспарланған. Онда мақтаны иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу жұмысы жүреді.  Өндіріс қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасын, 7 млн жиынтық төсек әбзелдерін құрайды. 2000-нан астам жұмыс орны құрылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚҚА НЕГІЗСІЗ КҮЙЕ ЖАҒУ ЖАҚСЫЛЫҚТАН ЕМЕС!

admin

ШЫҒЫН КӨЛЕМІ – 437 МЛН ТЕҢГЕ: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАН ТОП АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЕКІ АВТОБУС СОҚТЫҒЫСЫП, 35 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Телеарна ХанТВ