aspan

ҮШ ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЗАСЫЗ ЖҮРГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Жетісуда үш жыл бойы жазасыз жүрген жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жетісу облысында жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып келген жүргізуші ақыры полицияның қолына түсті. Ол үш жыл бойы түрлі құқық бұзушылықтарға жол беріп, айыппұл төлеуден жалтарып келген.

Жүргізушінің жалпы қарызы 715 мың теңгеге жеткен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Nissan автокөлігінің иесі бірнеше рет жол ережесін бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда салынған айыппұлдарды төлеуден қашып, жазасыз қалу үшін түрлі амалдар жасаған. Дегенмен «Қорғау» қосымшасының көмегімен полиция қызметкерлері оны анықтап, қолға түсірді. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Цифрлық технологияларды, соның ішінде «Қорғау» жүйесін қолдану – тәртіп бұзушыларды анықтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЖАҢА ӨМІР» ЖОБАСЫ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Телеарна ХанТВ

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ