aspan

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын егу көлемі өткен жылдан 26 мың гектарға ұлғайтылып, 896 мың гектар жерге егіледі. Оның ішінде, жаздық дақылдар – 518 мың гектар, күздік егіс – 204 мың гектар, ескі жоңышқа 174 мың гектар жерге егілмек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

Аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне көктемгі дала жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды, шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген жоспардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Егістік алқаптарына су үнемдеу технологияларын ендіру жұмыстары күшейтілуі керек, – деген Нұралхан Көшеров аудан, қала әкімдерінің осыған қайтысты уәждерін тыңдады.

Жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков баяндады. Оның айтуынша, бүгінде жер айдау жұмыстары 50 пайыздан асса, сор шаю жұмыстары 30 пайыздан аса орындалған. Көктемгі дала жұмыстарына 55,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, босату жұмыстары басталды. Дала жұмыстарына 25 мың бірлік техника қызмет атқаруда. Осы жылы ауыл шаруашылығы техникалар паркін 6,5%-ға жаңарту көзделуде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жол картасына сәйкес, жыл соңына дейін 190 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізіледі. Бағдарламаға өтінім қабылдау басталды.

Тауар өндірушілерде жаздық дақылдардың қажетті тұқым көлемі жеткілікті. Нақтырақ айтқанда, егіске қажетті 4,3 мың тонна бидай, 6,7 мың тонна арпа, 1,8 мың тонна мақсары, 3,6 мың тонна мақта, және 0,9 мың тонна жоңышқа тұқымдары бар. Ал, жүгері және картоп тұқымдары коммерциялық ұйымдардан алынады. Мақта сапасын арттыру мақсатында жоғарғы репродукциялы 3,3 мың тонна мақта шиті Түркия, Өзбекстан, Қытай елдерінен импортталмақ.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ БИ ӨНЕРІ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

20 МЛН ТЕҢГЕНІҢ МАЛЫН ҰРЛАҒАН БАРЫМТАШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ