16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
aspan

ПОЛИЦИЯ ЖОЛАУШЫДАН ШАМАМЕН 3 КГ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, есірткі заттарын сақтап, тасымалдады деген күдікпен 49 жастағы азаматты ұстады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Ордабасы ауданы елдімекендерінің бірінде «Toyota Camry» маркалы күмәнді автокөлікті тоқтатты. Жедел уәкілдер көліктің салонын тексеру кезінде, жолаушы Шымкент қаласының тұрғынынан есірткіге ұқсас заты бар 3 ораманы тапты. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 3 кг «марихуана» болып шықты. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексі бабының санкциясына сәйкес ер адамға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылу қаупі төнуі мүмкін.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕҢІС ЖОЛЫН ЖАҚЫНДАТҚАН ҚАҺАРМАН

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ӨЗГЕРТІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

6,9 БАЛДЫҚ ЖОЙҚЫН ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ