aspan

ӨНЕРТАПҚЫШ ОУҚЫШЛАР ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ КӨЗІЛДІРІК ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Шымкенттік 11-сынып оқушылары есту қабілеті нашар адамдарға арналған ерекше көзілдірік жасап шығарды.Бұл құрылғы сөйлесіп отырған адамның сөздерін арнайы суфлер арқылы  экранға шығарады.Осылайша есту қабілеті төмен адам әңгімелесушінің сөздерін көзілдіріктен оқи алады. Сондай-ақ өнертапқыш оқушылар бұл құрылғымен шектелмей қосымша шаруашылыққа арналған дрондыда құрастырып қолданысқа шығармақшы.

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өздерінің өнертапқыштық қабілеттерімен танылуда.Оқушылардың айтуынша көзілдірікті ойлап табуға самсунг компаниясының ұйымдастырған байқауы себеп болған. Қазіргі таңда аталған құрылғы тек орыс тілінде жұмыс жасайды.Алдағы уақытта қазақ және ағылшын тілдерін енгізіп, сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек,жас өнертапқыштар  ауыл шаруашылығына арналған дрон да ойлап тапты.Олардың айтуынша, құрылғы  10 гектарға дейінгі аумақты қамти алады. Сондай-ақ шаруашылықтан жануарларды байқаған бойда камера арқылы дабыл қағады.Инвесторлар тарапынан қолдау болған жағдайда құрылғыны екі ай ішінде жасап шығару ойда бар. Бұл дрон ауыл шаруашылығында әртүрлі жұмыстарды автоматтандыруға және тиімділікті арттыруға бағытталған,-дейді жас өнертапқыштар.

Аталған құрылғыларға жабдықтарды Қытай елінен  алдырған.  Ендігі мақсат –  толық дизайнын жетілдіруді көздейді. Әлі сатылымдағы бағасын нақтыламаған оқушылар алдағы уақытта құрылғының толық дамып сұранысқа иен боларына сенімдері мол.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте 2026 жылғы 20–22 қараша аралығында ІІМ бұйрығы негізінде республикалық деңгейдегі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Han TV

КАТАМАРАНҒА МІНГЕН ЕКІ БАЛАНЫ ТЖМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰТҚАРДЫ

Телеарна ХанТВ

Шымкентте орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

admin