18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

“НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!”: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТТІ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттердің қатысуымен “Нашақорлыққа жол жоқ!” атты акция өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері оқу орнының әкімшілігімен бірлесе ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту. Іс-шараға 200-ден астам студент қатысты. Белсенді жастардың арасынан “Жас қыран” атты топ құрылып, 39 студентке полицияның қоғамдық көмекшісі куәліктері табысталды. Енді бұл студенттер полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында түрлі рейдтік іс-шараларға қатысатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 5 сәуірден бастап мопедтерді тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады

Телеарна ХанТВ

АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТТЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Телеарна ХанТВ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ