aspan

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» ЖОБАСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАД

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы аясында салынған өндірістік паркті аралап көрді. Азық-түлік қоймасының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

 

 

 

 

 

 

Қанат Бозымбаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіп ашқан азаматтар өндірген өнімдердің көрмесін тамашалады. Көрмеде сүт, балық өнімдері, жеміс-жидек пен бақша өнімдерін консервілеу, жартылай фабрикат ет өнімдері, қазы-қарта, түйе сүті, Африка түйе құсы, өсімдік шаруашылылы, көкөніс, жылыжай салу, домбыра жасау, қобыз, қолөнер бұйымдарын шығару, пластик жәшік шығару, жұмыртқа лотогын шығару және өзге де жоба нәтижелері ұсынылды. Кәсіпкерлер вице-премьермен пікір алмасып, өзекті мәселелерді қозғады. Әсіресе, тауарды сертификаттаудағы қиындықтарды шешуге ықпал етуін сұрады. Сонымен бірге мемлекеттік қолдауларға алғыстарын білдірді.Айта кетейік, 2 жылда облысқа жоба шеңберінде 22,8 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде, 3 293 жоба қаржыландырылып, 3 665 жаңа жұмыс орны ашылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМДАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҒИМАРАТЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Телеарна ХанТВ

КӨЛІКТІ 5 МИНУТТАН АРТЫҚ ОТАЛДЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛУ – АҚЫЛҒА ҚОНБАЙТЫН ШЕШІМ

Телеарна ХанТВ