Шымкентте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайған. Мәселен 2024 жылы 45 мыңнан көп азаматтар әлеуметтік көмек алса бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30,8 пайызға төмендеген. Осы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады? Толығыр-ақ келесі сюжеттен көріңіз.
Биылғы жылдың басты жаңалығы атаулы әлеуметтік көмекті беру кезінде медианалық табыспен есептейді. Ол дегеніміз- ҚР әр азаматы- (ша) сының орташа жалақы көлемі. СТАТ басқармасы тұрғындардың табыс көзі күнкөріс қаржысын есептеп сол соманы береді.
Сонымен қатар маманның сөзінше 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильдік топ құрылды. Олардың мақсаты: шыныменде атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін тексеру. Тұрып жатқан баспаналарын суретке түсіріп, арнайы тексеру тобына жөнелту. Себебі алаяқтық жолмен алатындар көбейгенін мәлімдеді. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатындарға коммуналдық шығыны яғни табиғи газ қолданушыларына 24 пайызға жеңілдік жасалады.
Жалпы, атаулы әлеуметтік көмекті алатын азаматтардың санының азаюы – елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруының бір көрінісі. Бұл халықтың табысының артуы мен жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің кеңеюіне байланысты. Алдағы уақытта да мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды жалғастырар деп сенім білдіреміз дейді мамандар.