19.3 C
Shymkent
15 октября, 2026
aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР СТУДЕНТТЕРГЕ МОПЕДТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРДІ ТҮСІНДІРДІ

Талдықорғанда полицейлер студенттерге мопедтерге қатысты жаңа ережелерді түсіндірді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжіне барып, студенттермен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу тақырыбы – мопедтерді пайдалану бойынша жаңа ережелер және жүргізуші куәлігін алу тәртібі. Полицейлер енді мопед жүргізу үшін жүргізуші куәлігі қажет екенін түсіндіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қойылатын негізгі талаптарды еске салды. Сондай-ақ ереже бұзғаны үшін жауапкершілік пен Жол Қауіпсіздік Ережелерін сақтамаудың салдарына ерекше назар аударылды. Студенттерге жаңа ережелер туралы толық ақпарат жазылған брошюралар таратылды. Осындай кездесулер жастардың заң талаптарын жақсы түсінуіне және жол қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮНГІ РЕЙД

Телеарна ХанТВ

300 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН  БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН  ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 

Телеарна ХанТВ

Д. ТРАМП: КУБАҒА КЕЗЕК КЕЛДІ

Han TV