21.3 C
Shymkent
16 апреля, 2025
aspan

«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістан  облысына  келген іс-сапарында «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек» деп айтқан болатын. Дәл осы бағын аясында өңірде 2018 жылдан бері «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебі өз жұмысын жасап келеді. Мектеп өз жұмысын бастағалы бері  бүгінге дейін 136 студент сәтті аяқтап, 10ға жуық тыңдаушы министрлікте, облыстық және қалалық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарда қызмет атқаруда.

Бұл мектептің мақсаты — білімді жастардың дағдыларын дамыту, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері бойынша кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, оларды мемлекеттік қызметке тарту. Бұл бойынша еліміздегі ерекше мәртебеге ие оқу ордасында аталған мектепке іріктеу жүргізу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Сондай іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, «жас мемлекеттік қызметшілер» мектебінде практикада жүргендердің бірі шахзод ибраймов . Ол мемлекеттік қызметте жасауды бала күнінде армандағанын айтады.

Мектепке қабылданған тыңдаушылар, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысындағы филиалында жоғары санаттағы оқытушылармен біліктілігін арттырады. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу және жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне дайындық жұмыстары жүргізіледі.   Сондай-ақ, Департамент пен оқу орданың ұйымдастырған түрлі  іс-шараларына қатысып, мемлекеттік органдардың жұмысымен танысудағы өткізетін Ашық есік күні шараларына қатысады.

Нәтижесінде мектепке қатысты ұйымдастырған шараларға белсенді қатысып, мемлекеттік қызметке кіру үшін ҚР Заңнамаларын білу және қасиеттерін бағалау тестілеуінен сәтті өткен тыңдаушылар таланттар пулына іріктелініп алады. Таланттар пулы — уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері  жанынан құрылған Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін сәтті бітірген кандидаттардың тізімі. Таланттар пулына алынған тыңдаушыларды мемлекеттік қызметке орналастыру бойынша Департамент тиісті жұмыстарды атқаратын болады.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте завершился первый этап Чемпионата Республики Казахстан по байге – Olimpbet

Телеарна ХанТВ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Телеарна ХанТВ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Телеарна ХанТВ