-2.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ЕКІ МЕКТЕП АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ыбырай Алтынсарин атындағы 65 мектеп гимназиясында ауқымды іс-шара өтті. Семинардың негізгі мақсаты Ы.Алтынсарин атындағы 65 мектеп гимназиясымен және Д.қонаев атындағы жалпы орта мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екіжақты тәжірибе алмасу мақсатында өткен іс-шараға Алматы қаласы Бостандық ауданының білім бөлімінің басшысы келді.

Білім беру сапасын арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы мен Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы орта мектебі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім екі білім ордасының педагогтері мен оқушыларына тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мүмкіндігін береді. Меморандум аясында әдістемелік семинарлар, шеберлік сыныптары, ашық сабақтар және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Шара барысында мектеп басшылары, ұстаздар қауымы және білім беру саласының мамандары келісімнің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті екендерін білдірді. Бұл бастама оқушылардың жан-жақты дамуына, мұғалімдердің кәсіби өсуіне және білім сапасын жақсартуға оң ықпал етпек.

Қол қою рәсімінде мектеп басшылары білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, екі жақтың да өзара әріптестік аясында жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын айтты. Сонымен қатар, бұл келісім мұғалімдердің кәсіби дамуына, оқушылардың білім көкжиегін кеңейтуге және білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететіндігі айтылды. Меморандум екі мектеп арасындағы серіктестікті нығайтып, білім беру саласындағы жаңа бастамаларға жол ашады

Related posts

ҚАЛАДА ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Телеарна ХанТВ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨШЕ БОЙЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Телеарна ХанТВ