38.3 C
Shymkent
23 июля, 2025
aspan

АРЫСТА АУСТРАЛИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде салынып жатқан 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңының даму бағытымен танысты. Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және Түркістан облысындағы аустралиялық әдіс бойынша жүзеге асып жатқан ең ірі кешендердің біріне айналмақ. Сонымен қоса жұмыс сапарында жергілікті тұрғындармен, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Өрейлі ой, салмақты пікір айтылған кездесуде облыс әкімі қазыналы қариялармен өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті.

Облыс әкіміне «Арыс жылу» МКК қарасты модульдік қазандықтың жұмысы таныстырылды. Аталған қазандық өткен жылы толық жаңартылып, табиғи газға ауыстырылған болатын. Қазандықтардың технологиялық процестері толығымен автоматтандырылған. Бүгінде «Арыс жылу» мекемесі арқылы 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме мен 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ Арыс қаласындағы «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді іріқара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады. Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық тәсілмен жасалады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қала әкімі Қайсар Маңқараевпен бірге кешен жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы мал бордақылау алаңының Арыстың экономикалық дамуына қосатын үлесін атап өтіп, бұл жоба облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға зор септігін тигізетініне сенім білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 400 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

НАШАҚОРЛЫҚ ҚАУІПТІ ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ -МІНДЕТ

Телеарна ХанТВ

ЕЛДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

Телеарна ХанТВ