19.3 C
Shymkent
5 июня, 2025
aspan

МИНИСТР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі су қоймаларының жағдайымен танысты. Министр Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен «Көксарай» су реттегіш нысанының техникалық жағдайы мен өзекті мәселелерін талқылады.  Сонымен қатар жұмыс сапарымен Мақтаарал, Шардара, Отырар және Бәйдібек аудандарын аралады. Бірқатар нысанның жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша жоспарланған жұмыстар таныстырылды. «Көксарай» су реттегішінің жалпы жобалық су көлемі – 3,0 млрд.м3. КСР кешеніне кіретін нысандардың техникалық жай-күйінің беріктігі төмендеген. Қазіргі таңда ыза суының көп мөлшерде шығуына байланысты 1,5 млрд. текше метрден артық су жинау мүмкіндігі жоқ. Мәселені шешу мақсатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті тапсырмасымен ЖСҚ әзірленді. Жобаны 3 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда. Түркістан облысында 16 су қоймасы бар. Онда жиналған су көлемі – 5148 млн. м3. Министрліктің Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Екі нысан «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесін шешу жоспарланған. Облыста суармалы жер көлемін арттыру, су қоймалар мен каналдардың тиімділігін молайту, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жалғасады. Өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына жұмыс қарқын бәсеңдетпеуді тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕФЕРЕНДУМДА ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Телеарна ХанТВ

🇰🇿 Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама тарихи алтын медаль жеңіп алды!

Телеарна ХанТВ

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы шағымын апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап hantv.kz сайты хабарлайды.

Телеарна ХанТВ