aspan

25 МЫҢ АДАМ НАРАЗЫЛЫҚ ШЕРУІНЕ ШЫҒЫП, ҮКІМЕТТІҢ ОТСТАВКАҒА КЕТУІН ТАЛАП ЕТТІ

Валенсияда 25 мың адам наразылық шеруіне шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Аймақ басшысы Карлос Мазон мен оның үкіметі жүздеген адамның өмірін қиған су тасқынында дер кезінде әрекет жасамады деп айыпталды

Испанияның мыңдаған азаматы Валенсия көшелеріне шығып, аймақ басшысы Карлос Мазон мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті. Олар апатты су тасқыны кезінде әрекетті кешіктіргені және дер кезінде көмек көрсетпегені үшін айыпталып отыр. Бұл өткен жылдың қазан айынан бері Валенсияда өтіп жатқан төртінші манифестация. Оған 25 мыңға жуық адам жиналды. Карлос Мазон Испания жұртшылығының үлкен қысымына ұшырады. Оның басшылығы халықты табиғи апат туралы дер кезінде хабардар етпегені үшін сынға алынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 1 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ПЕН БЕСТЕМШЕДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Han TV

ҚАРДЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ БІР МЕТРДЕН АСЫП КЕТТІ

Телеарна ХанТВ