-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ЖОЛДАРЫ, АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жолдары талқыланған мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды және энергетиканы дамыту, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салаларды дамыту, цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, салық-бюджет саясатын реформалау және «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру жөніндегі жоспарлар баяндалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға өңір экономикасын көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы экономикамыздың көлемін арттыруды және өңіріміздің жалпы ішкі өнімін өсіруді тапсырды. Өңдеу өнеркәсібін жедел дамытуды және инвестиция таруға баса мән беруді айрықша атап өтті. Облыста жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңғыртумен қатар жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру қажет. Шетелдік және отандық инвесторларға бірдей ұстаным мен талап қойылуы керек және олар экологиялық талаптарды міндетті түрде орындаулары қажет,-деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров жобаларды іске асыру бойынша жеке-жеке жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырды

Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жетекшілік ететін салалары бойынша жоспарларын баяндаса, басқарма басшыларының да есептері мен жоспарлары тыңдалды. «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру бойынша Түркістан облысының полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов баяндама жасады.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров экономиканы әртараптандыру, облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушыларымен жасалған әрбір келісімшарт міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану, суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейтуді және су үнемдейтін технологияларын енгізуді тапсырды.

Related posts

БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 500-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

шымкенттегі жайлы мектептің жайсыз тұсы

Телеарна ХанТВ

Мұғалімдер жеті жастағы оқушыны ата-анасына ескертпей гинекологқа апарған

admin