-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ЖҮКТІЛІГІ АРТТЫ

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік өзекті мәселелердің бірі. Бұл жағдай кәмелетке толмаған қыздардың денсаулығына, болашағына және қоғамға айтарлықтай әсер етіп отыр. Осылай дабыл қаққан сенат депутаты оқушы қыздар ең көп жүкті болып, босанатын аймақтарды айтты. Атап айтар болсақ-Маңғыстау, Жамбыл,Түркістан облыстары. Үкімет басшысына сауал жолдаған сенатор мектеп жасындағы бойжеткендеріміздің тағдырына алаңдайды.

Сөзінше елімізде кәмелет жасына толмай балалы болатындар саны артып келеді. Өзі әлі бала бола тұрып, бала босанғаннан артық сорақылық жоқ. Сондай-ақ соңғы бес жылда 15-18 жастағылардың туу көрсеткіші шамамен бір жарым есе ұлғайған.Ал 2023 жылы қаршадай қыздар арасында 5094 босану фактісі тіркеліпті. Ең жаға ұстатарлығы қаладан қарағанда ауылда тұратын қыздар арасында ерте жүктілік екі есеге көбейген деп-өкініш білдірді депутат.

 Жас қыздарды қазіргі кезде қорлауда, зорлауда көбейді. Бірақ мұндай оқиғалар жабулы қазан күйінде қалады. Ұлтты тәрбиелейміз, білімді саналы ұрпақ болсын десек өзімізден бастайық. Сонымен қоса сенатор түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұлттық деңгейде жүйелеу керек екенін айтты. Осы мәселелерді ескерген депутат жауапты министрліктерге, тез арада ерте жүкті болатын қаршадай қыздарға ведомство аралық талдау жүргізуді сұрады.

Related posts

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

МЕКТЕП — БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН КЕМЕ!  

Телеарна ХанТВ

ТРАМПТЫҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ШЕРУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ