-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ  

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Америка Құрама штаттарынан арнайы келген инвестормен кездесіп, білім саласын дамытуға арналған білегей жобаны талқылады.  Қазақстанның тумасы Даяна Музан Түркістан облысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балабақша мен мектеп ашу бойынша әлеуметтік жобасын таныстырды. Жекеменшік білім ұясы қазақ тілін терең меңгеріп, шет тілдерін үйрететін, спорт пен музыкаға баурайтын бірегей жоба болмақ.

Пилоттық жоба батыстың еуропалық білім беру стандарттарын сақтай отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған. АҚШ азаматшасы оқушыларға жайлы, арнайы қалашығы бар мектепке жергілікті педагогтар жұмысқа тартпақ. Келіссөздер барысында облыс әкімі бірегей жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.

Жалпы сапалы білім беруге бағытталған мектеп ашу оны салу ең маңызды жобалардың бірі. Балаларға өздерінің туған ана тілінде мейлі ол қазақ тілі болсын орыс тілі болсын, ең бастысы сапалы базалық білімді қамтамасыз етуі керек. Себебі баланың бойында аналитикалық ойлау қабілеті дамуы керек. Содан кейін ғана оқушы жоғарғы сыныпқа өткенде болашақ мамандығын еркін таңдай алады.

Облыс әкімі білім ошағының құрылысын жүргізетін аймақты таңдаған кезде халықтың тығыздығын, инженерлік желілер мен инфрақұрылымға қосылу мүмкіндігін ескеру қажеттігін атап өтті.

Related posts

ЕР АДАМ ҰРЫЛАРҒА ТУЫСЫНЫҢ ПӘТЕРІНЕН АҚША ЖЫМҚЫРУҒА КӨМЕКТЕСКЕН

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ЧЖАН СЯОНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУДАН 79 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ