aspan

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жұмысшы мамандарды даярлау, ел экономикасын дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту – әрдайым басты назарда. Мемлекет басшысы өз сұхбатында және ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында  дәл осы салаларға ерекше мән беріп, олардың маңыздылығын атап өтті. Бүгінде осы өзекті тақырыптар аясында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысының бұл бағыттағы тапсырмалары мен бастамалары талданып, олардың жергілікті деңгейде жүзеге асырылу жолдары қарастырылды.

Алғаш болып мінберден сөз алған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы ЖОО мен колледждерде жұмысшы мамандар даярлаудағы негізгі бағыттарды айқындап, бұл салада алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысының ерекше назар аударған экономикалық мәселелерін оңтайлы шешу жолдарында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жиынға қатысқан ардагерлер,қоғам белсенділері өз ойларын ортаға салып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ, биыл Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілуі де назардан тыс қалмады. Жиында бұл тарихи датаның маңыздылығы айтылып, соғыста ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың есімін ұмытпай, өскелең ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы атап өтілді.

 Айта кетейік, жиын соңында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев 2025 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша баяндама жасады.Ол алдағы уақытта ардагерлердің белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар, жастармен кездесулер мен тарихи-танымдық жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.Жоспарға сәйкес, семинарлар, дөңгелек үстелдер және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, аға буын өкілдерінің қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударылады.

Жиын қорытындысында қатысушылар атқарылатын жұмыстарға қолдау білдіріп, ортақ мақсатта бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

TIKTOK ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Телеарна ХанТВ

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

1300-ДЕН АСА ЖАС «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒАНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Телеарна ХанТВ