aspan

АҚПАН АЙЫНДА ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Ақпан айында жанар-жағармай мен газ қымбаттайды. Мұны Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты. Бұған дейін, Энергетика министрлігі жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы қаулы жобасын жариялаған еді.

Мұнай өнімдерінің бағасының өсуі туралы айтсақ, бұған дейін Президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойды. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру туралы шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар. Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларды Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды. Сұйытылған газ құны да жақын арада қымбаттайды. Ал жазда тауарлық газдың бағасы көтеріледі деп күтеміз. Былтыр баға өсуінің бірінші кезеңінен өттік. Сұйылтылған газ құнының шекті бағасы 54-85 теңге аралығында болды. Енді алдағы уақытта аймаққа байланысты 64-98 теңге аралығында болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАЛҒАЙ ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ЕНДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛДАР-НӘРЕСТЕ ДЕНСАУЛЫҒЫНА СЕНІМДІ ҚАДАМ

Телеарна ХанТВ

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Бердах Бекетовке үкім кесілді,

Телеарна ХанТВ