31.5 C
Shymkent
10 июня, 2026
aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ  ӘКЕТУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУДЕ

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын ел аумағынан тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.  Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату жолымен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударуда

Көлік құралының конструкциясына заңсыз өзгерістер енгізу жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осындай бұзушылық жасағаны үшін ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 7-бөлігі бойынша (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) 58 980 теңге сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.  Рейдтер басталғаннан бері осы бап бойынша 130 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Заңсыз  жабдықталған автомашиналар бұзушылықтар жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИЗРАИЛЬ ӘУЕ КҮШТЕРІ СОҢҒЫ АУРУХАНАНЫ ҚИРАТТЫ

Телеарна ХанТВ

ШЕРУШІЛЕР ПОЛИЦИЯМЕН ҚАҚТЫҒЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

«30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ