aspan

МЕШІТТЕН СЫРТ КИІМ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы «Марал Ишан» қалалық мешітінде қысқы сырт киімді ұрлады деген күдікпен ер адамды анықтап, ұстады.

Белгілі болғандай, деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған 39 жастағы ер адам осы сәтті пайдаланып, өзгенің киімін ұрлап кеткен. Оның айтуынша, өзінің сырт киімі жұқа болғандықтан, ол басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру барысында күдіктінің басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

admin

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҮШ ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЗАСЫЗ ЖҮРГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ