-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

«БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ — ӨЗІҢДЕ!»

Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – киберқауіпсіздік, зорлық-зомбылықтың алдын алу және нашақорлықпен күрес.Дәл осы қоғам дертіне айналған мәселелерге қарсы шаралар қолдану аясанда арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге қатысқан қоғам белсенділері,психологтар және полиция департаментінің мамандары  интернеттегі қауіп-қатерлерден қорғану, киберқауіпсіздікті сақтау жолдары, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары және нашақорлықпен күрестің тиімді тетіктері жайында сөз қозғады.

Жастардың жеке тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау, өзекті мәселелерді кеңінен талқылау арқылы олардың шешу жолдарын іздеу шараның басты мақсаты болды. Шара барысында жастарға психологиялық қолдау көрсету, киберқауіпсіздік, зорлық-зомбылықтың алдын алу және нашақорлықпен күрес тақырыптары жан-жақты қарастырылды. Психологтар өзара тәжірбиелерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарын талқылады.

Бүгінде полиция департаментіне зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерден күніне орта есеппен 6 қоңырау келіп түседі. Бұл – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде ерекше назар аударуды талап етеді.Осындай қиын жағдайға тап болған аналар мен балалар үшін арнайы орталықтар жұмыс істейді.  Өкінішке қарай, соңғы жылдары зорлық-зомбылық құрбандарының саны артып келеді. Бұл мәселемен күресу үшін алдын алу шараларын күшейту, құқықтық сауаттылықты арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту маңызды.

 Жиналғандарға арнайы бейнеролик көрсетілді. Онда қазіргі заманғы интернет алаяқтықтың алдын алу, жеке мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау және кибершабуылдардан қорғану жолдары кеңінен түсіндірілді.Аталған мәселелер бойыншада алдағы уақытта жоспарға сай жұмыстар жалғасын табары сөзсіз.Арнайы орталықтардың қызметін күшейту, құқықтық және психологиялық қолдауды кеңейту, сондай-ақ алдын алу шараларын жетілдіру – басты басымдықтардың бірі болуы тиіс дейді сала мамандары

.

 

 

 

Related posts

ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Телеарна ХанТВ

Шымкентте «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында кездесу өтті

admin

ЖАЗҒЫ АС ҮЙДЕ БІР ҚАП МАРИХУАНА САҚТАҒАН ШУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ