Алимент төлемей, қашып жүргендерді енді мобильдік қосымшалар анықтайды. Мамандардың айтуынша, алимент төлеуден бастартқандар тіпті жалтарып жүргендер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылып, іс қозғалады. Сот орындаушылар берешегін өтемеген борышкерлердің Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қояды. Толығырақ тілші тарқатады.
Алимент төлеуден тайсақтап, безбүйрек болып жүрген әкелер саны аз емес. Баласының алдындағы жауапкершіліктен қашқан кейбір азаматтар заңды айналып өтпек болады. Десекте бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпыз. Бірақ мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. Сондай-ақ түрлі тыйымдарда салынады. Атап айтар болсақ- ақша аударымдары болатын банк счеттарын бұғаттау, жүргізуші куәлігін жарамсыз деп тану, одан қала берді мүлкі болған жағдайда берешек мөлшерін өндіру мақсатында сатылымға шығару. -дейді маман.
Айта кетсек алиментті өндіру мақсатында жұмысы жоқ борышкелерді жеке сот орындаушылары қызметтік ұсыныспен жұмыспен қамтуға жібереді. Егер борышкер берілген жұмыстан бас тартқан жағдайда қасақана, әдейі жасалынды деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартады. Мәселен соңғы деректерге сүйенсек қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар саны 2023 жылы 11 сот үкімі шығарылса, 2024 жылы 3 есе артып 31 үкім шығарылған. Статистика көрсеткендей алимент төлеуден бұлтарғандар саны азаймай отыр.