2.3 C
Shymkent
5 февраля, 2025
aspan

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ЕСІРТКІ ЖАРНАЛАРЫН ӨШІРДІ

 Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» атты есірткі жарнамаларын өшіру акциясы өтті.Шараның  мақсаты — қала аумағында есірткі заттарын жарнамалау әрекеттеріне қарсы тұру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы қоғамдық қозғалыстарды қолдау,-дейді ұйымдастырушылар.

  Жастар ресуртық орталғы мен  полиция департаментінің қызметкерлері Сәуле шағынауданында бейнеленген 250-ге жуық есірткі жарнамаларын өшіріп, тазалау жұмыстарын жүргізді. Белсенділер осылайша жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттамақ. Полицейлер тұрғындардан өз шағын ауданында есірткі жарнамасын байқаса бірден, 102 нөмеріне хабарласуыын сұрайды.Ал, оңай олжаға кенелемін деп опық жегендерде аз емес. Осы орайда алдағы уақыттада зиянды әдеттердің алдын-алу жұмыстары үздіксіз жалғаспақ.

  Шараға қатысқан жастар да  есірткі мәселесіне бейжай қарамайтындықтарын көрсетіп,өздерінің салауатты өмір салтын қолдайтынын және зиянды әрекеттерге мүлдем қарсы екендіктерін жеткізді.

 Қала бойынша өткен жылы есірткі жарнамаланған 8 мыңнан аса жазбалар анықталып, жойылған. Сондай-ақ зиянды әрекеттермен айналысқан 4 адам ұсталып,жауапкершілікке тартылған.Үздіксіз атқарылған жұмыс нәтижесінде қала бойынша заңсыз айналымнан  150 кг-нан астам түрлі есірткі заттары  тәркіленген.

  Сондай-ақ, интернет алаяқтықтың алдын алу бағыты бойынша да мониторинг жұмыстары жүргізіліп акцияларда өткізілген. Полиция қызметкерлері  7 мыңнан аса түрлі сайттарды анықтап бірден бұғаттаған. Ал, жарнамалар өшірілген жерге 3000 нан аса бейнекамерамен орнатқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Related posts

«ОТАУ НАУРЫЗ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ

12 БАНКА ТӘТТІ: ПОЛИЦИЯ СУПЕРМАРКЕТТЕН ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

«SHYMKENT IT HUB» МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Телеарна ХанТВ