Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 230000ға жуық тұрғын бар. Бүгінгі таңда тұрғындардың 97 пайызы табиғи ауыз сумен қамтамасыз етілсе, электр жарығы 99,8 пайызға ал Табиғи газ 92,4%, Кәріз жүйесі 41%, Асфальт жолмен 78,5%-ға қамтамасыз етілген. Ауданның жұмыстарын ширату мақсатында алдағы жылға бірқатар жоспарлар да бекітілген. Осы және өзге де маңызды мәселелерді аудан әкімі БАҚ өкілдеріне өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді.
Еңбекші ауданының аумағы қала бойынша ең ірі аймақтардың біріне жатады. Мұнда инфрақұрылым мәселесін толығымен шешу мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда табиғи газбен қамту деңгейі 92,4%-ды құрайды. 2023 жылы «Оңтүстік», «Қарабастау», «Жұлдыз», «Жалын» және «Қаратөбе» тұрғын алаптарында 3 739 абонентті қамту үшін жобалар әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта «Қаратөбе» және «Оңтүстік» тұрғын алаптарындағы жұмыстар аяқталса, қалған алаптарда құрылыс жалғасуда.
Еңбекші ауданының инфрақұрылымдық дамуы жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. «Жол картасы» бағдарламасы аясында ауыз су, электр жарығы, табиғи газ және жол инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар белсенді түрде қолға алынуда.