2.3 C
Shymkent
5 февраля, 2025
aspan

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ  ҒИМАРАТТАР САЛЫНУДА

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында 29 білім ұясы салынуда. Заман талабына сай бірыңғай үлгідегі мектеп Отырар ауданы, Шәуілдір ауылдық округінде де бой көтерді. Сонымен қатар 2 мақта өңдеу зауытының капсуласы салынды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, бастамаға сәттілік тіледі.

 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына іссапарында жайлы мектептің құрылысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. 600 орындық білім ордасының құрылысы «Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен жүзеге асты. Жалпы алаңы 3 гектар жерде орналасқан нысан инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қабылдау-өткізу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 115 жұмыс орны құрылмақ.  Сонымен қоса 2 мақта өңдеу зауытының капсуласы салынды. Жоба арқылы қуаттылығы жылына 160 м   ың тонналық 4 заманауи мақта өңдеу зауытын іске қосу, 6 мың тонна мақта тұқымын шығаратын өндірістік желісін құру көзделген. Оның ішінде, биыл 2 зауыт іске қосылса, 2026 жылы тағы 2 зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба толық жүзеге асқанда, жақын маңайдағы аудан, қалалардың 1500-ге жуық тұрғыны жұмыспен қамтылады. Су үнемдеу технологияларын қолданатын еліміздегі ірі масштабтағы алғашқы жоба өндірістік процесстің барлық кезеңдерін қамтиды. Үздік технологияларды қолдану есебінен су мөлшерін 3-4 есеге дейін үнемдеуге, жоғары өнімділік алуға мүмкіндік береді. Жобаның экономикалық тиімділігі орасан. Мақта-тоқыма кластерін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, өңір бюджетіне кіріс әкеліп, салық түсімдерін арттырмақ.

Related posts

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМДАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҒИМАРАТЫ МЕН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАҢА ГҮЛЗАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Телеарна ХанТВ