25.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

АЛҒАШҚЫ МОПЕД ТІРКЕЛДІ

Тараз қаласында ресми түрде алғашқы мопед тіркелді. Облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір алды.

 

«Тіркеу процедурасы өте қарапайым. Мен жеке куәлігімді және мопедтің техникалық сипаттамаларын алып, арнайы ХҚКО-ға жүгіндім. Тексеруден өтіп, мемлекеттік баж салығын төледім, содан кейін техникалық паспорт пен нөмір алдым. Барлық мопед иелерін жаңа маусымды заңды және ережеге сай бастауды шақырамын», – деді жас жігіт.

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді тек полицияда тіркеуден өткізіп, A1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеріс пен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру болған жағдайда ғана пайдалануға болады.Жамбыл облысының Полиция департаменті мопед иелеріне оларды қазірден тіркеп, жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға қажетті санат бойынша авто-мектептерде оқуды ұсынады..

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РУСЛАН БЕРДЕНОВТІ АТЫП КЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕГІ КОНФЛИКТ: БОЗШАКӨЛ КӨЛЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМШІЛІКТЕН ЖОЛДЫ БАЛАНСҚА АЛЫП, АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ӨТУІН ТОҚТАТУДЫ СҰРАП ОТЫР

Телеарна ХанТВ

ЕКІ АУЫЛДЫҢ 1,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Телеарна ХанТВ