25.3 C
Shymkent
7 июня, 2025
aspan

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

“Құқықтық көмек” жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Шымкенттік мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға көмек көрсетті. Айта кетейік тұрғындардың басым бөлігі интернет алаяқтардың құрбаны болғанын айтып шағымданды. Сол себепті мамандар азаматтарға құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндірді.

Анара Мырзағалиева заңгер. Тұрғындарға Аманат партиясының ұйымдастыруымен өткізіліп жүрген жобада 7 жылға жуық уақыт бойы қабылдау өткізіп келеді. Айтуынша тұрғындардың басым бөлігі микронесие, интернет алаяқтық сондай-ақ үй мәселесі бойынша келеді. Мұнда азаматтарды жеке қабылдап тіпті қажет болған жағдайда мәселені толығымен шешуге көмектескен кездері де болған. Заңгердің айтуынша, мұндай шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, мәселелерді шешуге нақты қолдау көрсетеді.

“Құқықтық көмек” жобасы аясында тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қаралды. Іс-шараға келгендер арасында зейнеткер Күлән Татаева да бар. Қазіргі таңда 5 немересін жалғыз өзі  асырап отыр. Бірнеше ай бұрын қаржылық ұйымнан микронесие алған. Алайда жеке мәселелеріне байланысты несиені өтей алмаған. Қабылдау барысында қала тұрғынына білікті заңгерлер, медиаторлар және Әділет департаментінің мамандары көмек көрсетті.

Айта кету керек, бұл қабылдау тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар аталған шара тұрғындарға көмек көрсету мақсатында алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 САУДА ОРНЫНАН КҮДІКТІЛЕР 20 ТЕЛЕФОНДЫ ҚОЛДЫ ҚЫЛҒАН

Телеарна ХанТВ

  ӘУЕ РЕЙСТЕРДІҢ САНЫ АРТАДЫ

Телеарна ХанТВ

«БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН, БӘРІ ДЕ МАЙДАН ҮШІН!»