17.3 C
Shymkent
25 октября, 2025
aspan

22 ҚАҢТАР ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

 Түркиядағы тау-шаңғы шипажайындағы өрте байланысты 22 қаңтар — Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Соңғы мәлімет бойынша оқыс оқиғадан 66 адам қаза тапқан. Тілсіз жау Болу провинциясында орналасқан 12 қабаттық қонақүйдің мейрамханасынан басталған. Жалын әп-сәтте ағаштан жасалған ғимараттың басқа бөліктерін шарпыған.

Тап осы уақытта демалушылардың дені ұйқыда жатқан. Жалпы Ыстанбұл мен Анкарадан шамамен 3 сағаттық жерде орналасқан бұл шипажай – Түркияның қысқы туризм орталықтарының бірі. 500 кісілік қонақүйде 234 демалушы болған екен. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендердің есімдері жария етілмеді. Дегенмен алдын ала ақпарат бойынша арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Өрттің нақты себебі белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталған.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨШЕ БОЙЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЛИФТТЕРДІҢ БІРІНДЕ ЖАСӨСПІРІМ 5 ЖАСАР БАЛАНЫҢ БЕТІН ПЫШАҚПЕН ТІЛГІЛЕП ТАСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАНАРТАУ ҮШ ЖЫЛДА ОНЫНШЫ РЕТ АТҚЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ