24.3 C
Shymkent
23 июля, 2025
aspan

МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Павлодарда мас жүргізушілер жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ұдайы ескертіп келеді. Алайда бұл ережелерді елемейтін және өз әрекеттерімен жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретін жандар әлі де кездесуде.

Облыс орталығында полиция қызметкерлері күдік тудырған бірнеше көлікті тоқтатты. Мәселен, Торговая көшесі 3 мекенжайында Toyota Lexus автокөлігінің жүргізушісін медициналық куәландыру нәтижесінде есірткілік мас күйі анықталды. Сондай-ақ Торайғыров көшесі 83 пен Н. Назарбаев даңғылы, 15 мекенжайларында Lexus-LX-470, BMW X5 және Toyota Carina көліктерінің жүргізушілері медициналық тексеруден өтіп, олардың алкогольдік мас күйінде болғаны расталды. Бұдан бөлек, Катаев және Толстой көшелерінің қиылысында Toyota Yaris көлігін жүргізген автоледи де мас күйде ұсталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАНАРТАУ ҮШ ЖЫЛДА ОНЫНШЫ РЕТ АТҚЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ШАҺАРДЫ КӨРКЕЙТУ: ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН СКВЕРЛЕР ПАЙДА БОЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ТОРНАДОДАН 21 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ