Қала тұрғындары үшін жақсы жаңалық. Елімізде 2025 жылдың 5 сәуір айынан бастап мопедтер ресми түрде моторлы көлік болып саналады. Бұл оларға қатысты жол қозғалысы ережелерін, техникалық тексеру және тіркеу талаптарын орындау қажет дегенді білдіреді. Толығырақ тілші тарқатады.
Дамир Булиханов 1 жылдан бері мопед жүргізеді. Ол өзінің қажеттілігі үшін яғни өз жұмысына жылдам әрі тез жету үшін бұл көлік құралын пайдаланып келеді. Ал алдағы уақытта моторлы көлік ретінде тіркелсе, заңды түрде жүргізуші куәлігін алам дейді. Бүгінде бұл көлік түрін мақтаныш үшін жүргізетіндерде көп, салдарынан жол ережесі өрескел бұзылып, қйғылы оқиғалар жиілеп кеткендігн айтады.
ИӘ,МЕН ҚОЛДАЙМЫН. ЕСЕСІНЕ БӘРІ ЕРЕЖЕМЕН ЖҮРІП ТӘРТІП БҰЗБАЙТЫН БОЛАДЫ. БӘРІНЕ ТОПЫРАҚ ШАШУДАН АУЛАҚПЫН БІРАҚ МАҚТАНЫШ ҮШІН жүргізетін 18-ГЕ ТОЛМАҒАН ЖАСТАР ӨТЕ КӨП. ОЛАР ОҢДЫ-СОЛДЫ ЖҮРЕДІ. ТІПТЕН ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БІЛМЕЙДІ. ТҮРЛІ КӨЛІКТЕРМЕН СОҚТЫҒЫСЫП ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛУЫНА СЕБЕПКЕР БОЛУДА. ӨЗ КӨЗІММЕН КӨРГЕНМІН МҰНДАЙ СҰМДЫҚ ЖАЙТТАРДЫ. МОПЕД АЙДАУ ҚАУІПТІ ЕМЕС. ТЕК ЕРЕЖЕГЕ САЙ ЖҮРСЕҢ БОЛҒАНЫ. МЕН ЖҮРГІЗУШІ РЕТІНДЕ БҰЛ ЗАҢДЫ ҚОЛДАЙМЫН.
Мопед-мотоциклдің бір түрі. Елімізде сатылымға шыққаннан кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерден бастап, жүргізуші куәлігін алмаған, тіпті куәлігінен айырылған азаматтарда жүргізіп жүр. Салдарынан жол көлік оқиғаларының саны да біршама көбейген. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталып отыр. Соңғы уақытта осындай көліктердің саны артып, жол қозғалысында қиындықтар туындағаны белгілі.
Мопедтерге қатысты жаңа талаптар-жол ережесі қозғалысын қауіпсіз және тәртіпті сақтау маңызды қадамдардың бірі. Әрбір жүргізуші ережелерді қатаң түрде орындап, жауапкершілік танытса, жолдағы қауіпті жағдайлар едәуір азаяр еді.