-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

КӨКЖӨТЕЛ КҮШЕЙДІ

Елімізде көкжөтел жұқтырған балалар саны артқан. Ал Шымкентте 2024 жылы ауруды жұқтырғандар саны күрт өскен. Мамандар қала тұрғындарына көкжөтелге қарсы вакцинаны уақытында алып, аурудың алдын дер кезінде алуға шақырады. Себебі ауруды жұқтырғандардың дені міндетті вакцинаны алмағандар.

Көкжөтелдің алдын-алу жолы – вакцинаны уақытында салдыру. Нәрестеге 2, 3, 4 айында екпе салдыруға болады. Ал, 18 айында және 6 жасында ревакцинация жасалады. Бала кішкентай кезінде вакцина алса, ересек шағында бұл ауруға шалдықпайды. Ал, екпе баланы басқа аурудан да қорғайды, — дейді салаға жауаптылар. Мегаполисте аталған дерт бойынша 10 жағдай тіркелген, оның 9-ы бала. Сол себепті мамандар тұрғындарды кез-келген инфекциядан сақтанып жүруге шақырады.

 Жыл басынан бері анықталған жағдайларға байланысты қазіргі таңда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті мамандар ата-аналарға көкжөтелге қарсы екпе салдырып, ауруды асқындырып алмауға кеңес береді. Көкжөтел – көбіне балалар арасында тарайтын ауру. Әсіресе 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында жиі байқалып жатыр. Ал жөтел жұғып, дер кезінде ем-дом шаралары жасалмаса, салдары ауыр болатыны ескертілуде.

Сонымен қатар мамандар балаларды 3 жасқа дейін адам көп шоғырланатын аймаққа апармауға кеңес береді. Себебі көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Онымен күресудің жолы нәрестенің 2 айлығынан бастап, 3 және 4 айлығында екпе алу. Ал 1,5-6 жасар бүлдіршіндерге ревакцинациялау жүргізіледі. Айта кетейік, ол вакцина құрамында 6 ауруға қарсы антидене бар.

Related posts

АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАР КӨШКІНІ БОЛУЫ МҮМКІН

Телеарна ХанТВ