0.3 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛЕТІН ИНФЕКЦИЯЛАР: ТҰРҒЫНДАР НЕНІ ЕСКЕРУІ КЕРЕК?

Жыл сайын 20 миллионға жуық жаңа инфекция пайда болады. Олардың жартысына жуығы 15 пен 24 жас аралығындағы адамдарда кездеседі. Гонорея, хламидиоз және мерез ең жиі талқыланатын жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және жүктілік кезіндегі мерез емделмеген жағдайда туа біткен мерезге әкелуі мүмкін. сол себепті мамандар тұрғындарға инфекцияны жұқтырып алмас үшін дер кезінде сақтық шараларын қолдануды ескертеді.

Елімізде аталған инфекцияны жұқтыратындар саны жылдан жылға өсіп келеді. Ауруды жұқтыратындар көбінесе 19-29 жас аралығындағы азаматтар. Мамандар бұл дертке немқұрайлы қарамауға шақырады. Себебі инфекция адам иммунитетін әлсіретіп, денсаулығыңызға кері әсерін тигізетінін ескертеді. Салаға жауаптылар тұрғындарға жыл сайын дәрігердің қабылдауында болып, аурудың алдын алуға шақырады.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар адам денесіне тез тарап, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан аталған дертті жұқтырып алмас үшін салаға жауаптылар тұрғындарға сақтық шараларын барынша пайдалануды айтады. Денеге тараған бактериялар, вирустар немесе паразиттер жұқтырған кезде дамиды. Асқыну қаупі байқалған сәтте адам бойында ауырсыну пайда болып, әлсіздік болады.

Мамандар тұрғындарға сақ болуға шақырады. Себебі дені сау адамнан сау ұрпақ дүниеге келеді. Ал денедегі паразиттер емделмеген жағдайда дами береді.

Related posts

ТҮРКИЯЛЫҚ  ИНВЕСТОРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖАҢА ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАРАУЫЛДАН 2,4 МЫҢНАН АСТАМ «ТРАМАДОЛ» ТАБЛЕТКАСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

admin