10.3 C
Shymkent
16 октября, 2026
aspan

ДОНАЛЬД ТРАМП ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ РЕТІНДЕ АЛҒАШҚЫ СӨЗІН СӨЙЛЕДІ

АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамп Вашингтонда өтіп жатқан ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеп, Американың алтын ғасыры басталғанын мәлімдеді. Ол осы күннен бастап мемлекеттің гүлдене беретінін айтты.

Жаңа президент елдің Әділет министрлігін саяси мақсатта пайдалануды тоқтататынын айтты. Бұған қоса, Трамп оңтүстік шекарада ұлттық төтенше жағдай жариялап, «сауатты төңкеріс» бастайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ Трамп есірткі картельдерін террористік ұйым деп жариялауды жоспарлап отырғанын айтты. Дональд Трамп АҚШ-тың жаңа билігінің тек екі жынысты – ер мен әйелді мойындайтынын мәлімдеді. Трамп «бітімгер және біріктіруші» болғысы келетінін айтты. Ол өзінің инаугурациясынан бір күн бұрын ХАМАС лаңкестерінің кепілінде болған Израиль азаматтарының босатылып, Газа секторында атысты тоқтату келісімінің күшіне енгенін еске салды. Сондай-ақ ол АҚШ Марсқа ғарышкерлерін жіберіп, АҚШ туын тігуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Трамп АҚШ-тың әлем бұрын-соңды көрмеген қуатты әскер жасақтайтынын, елдің өзіне пайдасыз соғыстарға араласпайтынын, барлық цензураны дереу тоқтату және сөз бостандығын қайтару туралы жарлыққа қол қойылатынын да атап өтті.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«№55 Жеңістің елу жылдығы»жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде патриоттық рухты нығайтуға арналған далалық оқу жиыны өтті.

Президент әуежайда қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды

Телеарна ХанТВ

ЕСІРТКІ  ҮШІН СОТТАЛҒАН АЗАМАТТЫҢ АНАСЫ  ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Телеарна ХанТВ