Шымкентте қарулы күштердің тәрбиешілер күні атап өтілді. Айтулы мерекеге орай тәрбиеші офицерлер марапатталды. Көрме орталығында Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері, жергілікті әскери басқару органдары, оқу орындары командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарларын және олардың отбасы мүшелерін, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен ардагерлерді жинады.
Шымкент гарнизонында тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Содан кейін гарнизон бастығы, подполковник Айдос Исаев құттықтау сөз сөйлеп, гарнизондағы тәрбие және идеологиялық жұмыс органдарының жетістіктерін атап өтті. Айта кетейік 1993 жылы Президент Жарлығымен құрылған тәрбие құрылымдары офицерлері үшін кәсіби мерекені атап өту дәстүрге айналған. Бағдарлама Қазақстан армиясындағы тәрбие жұмысы институтының қалыптасу тарихы туралы деректі фильм көрсетуден басталды.
Шара барысында ұрпақтар сабақтастығына да ерекше назар аударылды. Қызметі тәрбие жұмысымен тығыз байланысты Қарулы күштердің ардагерлері де өз алғыстарын жеткізіп, бірнеше әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне армия дәстүрлерін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттарымен марапаттады. Іс-шара соңында тәрбие құрылымдарының үздік әскерилері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мереке қонақтарға жарқын эмоциялар мен мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағадарламамен аяқталды.