aspan

ЖАЗҒЫ АС ҮЙДЕ БІР ҚАП МАРИХУАНА САҚТАҒАН ШУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Есірткі заттарын заңсыз дайындап, аса ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша полиция қызметкерлері Шу ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстады.Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырылған орын табылды.

Күдікті жазғы ас үйде бір қап марихуана сақтаған, ал тағы бір қап шөп жиналған қорадан табылған. Барлығы 6 келі 132 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАЛҒАЙ ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ЕНДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ЕҢБЕКҚОР ӘЙЕЛДЕР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Телеарна ХанТВ

ӨТКЕН ЖЫЛЫ АЙНАЛЫМНАН 2 МЫҢНАН АСТАМ ЖАЛҒАН АҚША АЛЫНДЫ

Телеарна ХанТВ