-2.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ЖОЛ АШАМЫН: БАҚСЫ-БАЛГЕРЛЕРГЕ СЕНУ ДҰРЫС ПА?

Жолыңды ашамын, болашағыңды болжап беремін. Ия осылай деп миллиондап қаржы сұрап, қарапайым халықты адастыратындар көп. Алайда тәуіптер мен нумерологтарға сенетіндер де аз емес. Бұл кәсіп пе? Әлде расымен де болашағыңды көріп, жолыңды аштыруға мүмкіндік бар ма? Толығырақ әріптесім біліп қайтты.

Әлеуметтік желілерде танымал бақсы балгерлер адамға бір қарағаннан, болашағын болжап беремін дейді. Адамның сыртқы келбетіне қарап, келешегін көруге болады. Бұл қасиетінің арқасында экстрасеанстар қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын береді. Мәселен Таңшолпан Рахматулла болашақты болжайтын тәуіптерге сенетінін айтады. Бірнеше ай бұрын отбасымен балгерге барған. Балгердің айтуынша жолы ашылып, өзі қалаған оқу орнына қабылдана алады.

Көріпкелдер мен бақсы-балгерлер тек тылсым күштерді немесе қара магияны пайдалануы мүмкін. Ал бұл нәрсе адамның өзіне кесірін тигізеді. Кейбіреулер тіпті өзгенің жолын жабу мақсатында қара күштерді де ортаға салады екен. Яғни дуа, қара магия сынды жамандық атаулыны бір адамның бойына жинап тастайды. Сондай дүниенің құрбаны болғандар да аз емес.

Алайда дінімізде ертеңгі күнді болжауға сондай-ақ өзгеге зиян тигізуге тиым салынған. Яғни дін өкілдері бұл нәрсені дұрыс деп санамайды. Себебі болашақты болжауға болмайды. Тылсым дүниелерге сену, ертеңгі күнді айту ауыр күнә. Ал оған сенетіндер діни тұрғыдан әлсіз тіпті сауаты аз болуы мүмкін.

Дін өкілдері тұрғындарға әрнәрсеге сене бермеуге шақырады. Болашақты білемін деп ауыр күнә арқалаудан сақ болыңыз. Себебі дінімізде бұл нәрсе күпірлік деп саналады. Ал онымен айналысатындар жәй ғана кәсіп етіп, аңқау елді алдағандар болуы әбден мүмкін.

 

Related posts

В Казахстане снижается уровень подростковой преступности

Телеарна ХанТВ

АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНЕ 25 ЖЫЛ!

Телеарна ХанТВ

 «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Телеарна ХанТВ