-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

: Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасымен Түркістан өңірінде негізгі капиталға инвестция тарту, су үнемдеу технологияларын ендіру және заманауи тауарлы сүт фермасын құру жоспарлары толығымен жүзеге асты. Ал жалпы өнім көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетті.

Аймақта көктемгі дала жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Аталған бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егетін аумақ өткен жылдан 27 мың гектарға ұлғайып, 896 мың гектарға жеткізіледі. Егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарға басымдық берілуде. Көктемгі дала жұмыстарына  61,5 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармайға қажеттілік анықталды.-деді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлібек Плалов.

Жалпы қазіргі кезде дала жұмыстарына қолданыстағы 25 мың техника қызмет атқарады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 12 мың трактор, 1 мың дән сепкіш, 554 соқа, 1 мың қопсытқыш құралдары бар. Дала жұмыстарына техниканың 98 пайызы  дайын. Сондай-ақ өткен жылы мемлекеттік қолдаулардың тұрақты көрсетілуінің нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникалары 6,3%-ға жаңарды.

 

 

Related posts

ТҰРАН АУДАНЫ: БАЛАЛАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ

КӨКШЕТАУДА ЕКІ СТУДЕНТТЕН 15 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ВЕЙПІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 400 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ