25.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

КИБЕРПОЛИЦЕЙЛЕР ШЕТЕЛДІК «ДРОППЕРДІ» АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН ҰСТАДЫ

Жамбыл облысы ПД Киберпол қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесе 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол Алматы қаласының сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша шығару бойынша алаяқтық схемасына қатысы бар деп күдіктелуде. Тараз қаласы Полиция басқармасына зейнеткер әйел алаяқтық бойынша арызбен жүгінген. Ол белгісіз адамның алдау жолымен оның 13 200 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алғанын хабарлаған. Қаскүнем интернет-ресурстарды пайдалана отырып, оның банк шотына қатысты алаяқтық әрекет жасаған. Күдікті Қазақстан аумағынан шығуға әрекет жасаған кезде ұсталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОТ ЖИЛИЩНОГО СТРОИТЕЛЬСТВА ДО ПОВЫШЕНИЯ ПЕНСИЙ: КЛЮЧЕВЫЕ МЕРЫ СОЦИАЛЬНОЙ ПОДДЕРЖКИ ПРАВИТЕЛЬСТВА В 2024 ГОДУ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Телеарна ХанТВ

СТАДИОН: ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Телеарна ХанТВ